•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 2 246

    Қолда барды ұқсату қажет

    Елімізде жылда сүтті тұтыну деңгейі 6 пайызға артады. Сұранысты өтеуге қауқарымыз бар. Бүгінде жалпы қуаттылығы 3,5 миллион тоннаны құрайтын 383 өңдеуші кәсіпорын еншімізде. Сонымен қатар жаңа 3 сүт-тауарлы ферма қолданысқа тапсырылмақ. Тек шикізатқа келгенде, ұтылатынымыз бар. Себебі сүт өндірісіндегі кәсіпорындардың жүктелуі бар-жоғы 58 пайызды құрайды.

    Сауданың бірыңғай қағидалары күшіне енбек

    19 жыл бойы жүргізілген күр­делі келіссөздердің тоқтамы шығарылды. Қазақстан рес­ми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылданды. Оған жер-жаһандағы 161 мемлекет мүше саналады. Әлемдік тау­ар айналымының 90 пайыздан астамы ДСҰ еншісінде. Сауда-саттықтың бірыңғай қағида­ларын енді еліміз де назарға алмақ. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға да жол ашылмақ. Отандық өнім­ді өткізудің жаңа нарықтарын бағындыруға мүмкіндік бар. Ал тұтынушылар тауарлар мен қызмет түрлерін таңдай алады.

    molochnaya-ferma- Экономика мейлінше қуатты әрі ашық бола түсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 18 есе ұлғайып, Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар дең­гейіне шықты. Біздің сыртқы са­уда айналымымыздың 90 пайыз­дан астамы ДСҰ-ға мүше елдер­ге тиесілі. Сауда қарым-қатына­старының географиясы едәуір өзгерді. Қазақстанның сауда байланыстары 90-жылдардың ортасында бұрынғы кеңестік ел­дерімен ғана жүргізілсе, бүгінде біз әлемнің 185 мемлекетімен са­уда-саттық жасап отырмыз, – деп атап өтті Елбасы Женевада өткен салтанатты жиында.

    Ауыл шаруашылығы бойынша келіссөздер оңайға соқпады. Десек те еліміз үшін тиімді шарттарға қол жеткізу үшін ұлт­тық мүдделер қорғалды.

    Қытаймен қатар Қазақстанға да ауыл шаруашылық өнімі­нің жалпы құнының 8,5 пайызы мөлшерінде салаға мемлекет­тік қолдау көрсету мүмкіндігін иеленді.

    Жеңілдіктер сақталады

    – ДСҰ кіргенімізбен, біз жеңіл­діктерден бас тартпаймыз. Дайындау кәсіпорындарының қосылған құн салығы мемле­кет тарапынан демеуқаржылан­дырылады. Жыл соңына дейін елімізді аралап, оларды өздерінің дайындау кәсіпорындарын аккре­дитациялауға ынталандырмақпыз. Осылайша ол мемлекеттік қол­дауды сезініп, өзінің өндірісін кеңейте алады. Меніңше, елімізде дайындау ұйымдарының қызметі ретке келтірілуі тиіс. Олар секіл­ді білікті, кәсіби делдалдардың көмегенсіз мүмкін емес. Себебі фермер тек өндіріспен, өзінің қо­жалығымен айналысуы тиіс. Егер тұрақты түрде саудамен, өнімді өткізумен айналысса, онда өнер­кәсіптік деңгейде жұмыс істеу оңайға соқпайды, – деп мәселе­нің жай-жапсарын Ауыл шару­ашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев тергіштеді.

    Министрлік қайта өңдеу кешен­дерін сапалы шикізатпен қамта­масыз ету жолында жаңашыл­дықтарды енгізуге бел буып отыр. Келешекте жалпы ауыл шару­ашылық өнімді дайындау желісі­нің логистикасын құру көзделген. Бұл ретте Ұлттық кәсіпкерлер па­латасы қолға алған жобаға үміт артылуда. Қағаздағы іс жүзінде өмірге жолдама алса, онда ұсақ шаруашылықтар әлекке түспей, өз өнімдерін өткізе алады.

    Үш сүт-тауарлы ферма ашылады

    Сүт өндірісі бойынша аху­алымыз көңіл көншітерлік. Бетке ұстар өңдеу кешендерінің қатары аз емес. Отандық ақтан да елі­міз тарықпайтын көрінеді. Ресми мәліметтерді сөйлетсек, бүгін­де ішкі нарық өңделген сүтпен 95 пайызға қамтамасыз етіл­ген. Қышқыл өнімдер бойынша көрсеткіш 87% тең. Тек сыртқа тәуелділіктен арылу үшін отан­дық сары май (50%), ірімшік пен сүзбе (60%) өндірісін әлі де қамшылау қажет. Бұл бағытта атқамінерлердің уәжі бойынша екі аяққа тұсау салған мәселелер бар.

    – Қазіргі таңда салада туын­дайтын түйіткілдер: біріншіден, қаржының жетіспеушілігі және қолжетімсіздігі, екіншіден, өнімді өткізу және ішкі нарықты қорғаудағы қиындықтар, үшін­шіден, салық салу, төртіншіден, өндірістің төмен тиімділігі және соңғысы ауыл шаруашылығы кооперациясының дамымауы, – деп күйінді вице-министр.

    Қолбайлау мәселелер­дің түйіні тарқатылса, діттел­ген межелерді бағындырудың ауылы алыс емес. Елімізде тәулігіне 210 тонна сүт өн­діретін 3 сүт-тауарлы фер­ма қолданысқа тапсырылмақ. Жобалар шетелдік инвестор­лардың атсалысуымен өмір­ге жолдама алмақ. Ақтөбе облысында тәулігіне 60 тонна сүт өнімдерін өндіре алатын «Milker», Алматы облысында қуаты 100 тонналық «Айынды» және Ақмола облысында тәулі­гіне 50 тонна өнім бере алатын «АгроТрейдТорг» компания­лары туралы сөз қозғалып отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары пысықталу үстінде.

    Осылайша атқамінерлер сүт­ті қайта өңдейтін кешендер­дің жүктелуін 70 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2020 жылға қарай тауарлы сүт 500 мың тоннаға артуы тиіс. Сырттан дорбаланатын ақтың көле­мі қазіргі 28 пайыздан 18%-ға төмендетілмек. Бүгінде ішкі нарықта өзге мемлекеттердің құрғақ сүті, қоюландырылған сүт өнімдері және ірімшіктің үлесі басым.Ал «Қазақстанда шығарылған» ақты көбіне-көп ресейліктер мен қырғызстан­дықтар тұтынады. Өткен жылы 20 мың тонна өңделген сүт өнімдері шекара асқан.

    Өндірістің тұтас тізбегі қалыптаспақ

    Бұл бағытта таяқтың бір ұшы сапалы шикізатқа тірелетін көрі­неді. Егер жыл басындағы дерек­терді бағамдасақ, елімізде 5 млн 69 мың тонна сүт қайта өңдеуге жол тартқан.Оның тек 20 пайызы ғана шаруа қожалықтарының есе­бінен қамтамасыз етіледі. Негізгі үлес қарапайым халықтың енші­сінде. Сүттің 80 пайызы жеке қо­салқы шаруашылықтарға тиесі­лі екенін ескерсек, оның сапасын бақылауға әрі оны қабылдауға қатысты сауалдар туындайтыны хақ. Себебі ақты қосалқы шару­ашылықтардан жинаудың өзі кей­де оңайға соқпайды. Ауылдардың бірі тым шалғай орналасқан. Сүт өңдеу кешеніне жеткізілгенше дейін оның жолда іріп кету қауіпі бар. Арагідік жолдың жыры қол­байлау болып, ауылға жетудің өзі мұңға айналады. Бірақ бұл алтын бесіктегі ағайын үшін кірістің көзі, күнкөріс қамы.

    Сондықтан қолда барды ұқ­сата алсақ, ұтарымыз анық. Мұны қаперге мықтап түйген тиісті ведомство елді мекендер­де сүтті қабылдау бекеттерін ашуға басымдық берген. Бұл -«Агробизнес-2020» бағдарла­масына артылған меженің бірі. Оның арқасында өндірістің тұтас тізбегін қалыптастыру көздел­ген. Бұл ретте сүтті өңдеушілер тарапынан да белсенділік байқа­лады. Мәселен, Қарағанды облысында «Нәтиже» сүт фа­брикасының тәжірибесі көпші­лікке өнеге. Олар сиырды са­уатын аппаратты шаруаларға таратады. Қыл аяғы келешек­те оларды жем-азықтың қажет­ті түрлерімен қамтамасыз ету­ді жоспарлап отыр. Кәсіпорын сапалы әрі қажетті сүт көлемі тұрақты түрде қамтамасыз еті­луіне басымдық береді.

    – 2007 жылдан бері сүтті өңде­уші кәсіпорындарға өндірілген сүт көлеміне демеуқаржы қа­растырылған. Өнімділік пен қу­аттылыққа байланысты әр ли­трі үшін 10 теңгеден бастап 25 теңгеге дейін қаржы төленеді. Қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау үшін жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұйым­дастырылған қожалықтардан сатып алынатын өнімнің айыр­машылығын демеуқаржылан­дыру бағдарламасы да қолға алынды. Өткен жылы ел қазына­сынан 2 миллиард теңге бөлінген. Ел бойынша оның игілігін 44 кәсі­порын сезінді. Биыл бағдарлама жалғасын таппақ. Оған 2,7 мил­лиард теңге үлестірілді, – дейді Еркебұлан Ахметов.

    Шығыс Қазақстан мен Алматы облысында қанатқақты жоба жү­зеге асырылмақ. Оның аясын­да барлық технологиялық тізбек құрылмақ. Сүт-тауарлы ферма, қайта өңдеу кешені, сервистік дайындау орталықтары ашылады.

    Бірігуге баса мән берілмек

    Ауылшаруашылық коопера­ция туралы» жаңа заң жобасы­на артылған үміт көп. Құжат құпталса, агроөнеркәсіптік ке­шенге жаңа серпін берілмек. Әуелі өндірістік кооперативтер­ді құру көзделген.Олар коммер­циялық жүйеге ауысу мүмкінді­гін иеленбек. Суды пайдалану­шылардың ауылдық тұтынушы кооперативтері мен ауылшару­ашылық серіктестіктер жеңілдік­терден қағылғандықтан, арнайы салық тәртібін енгізу көзде­ліп отыр. Міндетті ішкі тексеру­ді енгізу және оның құнын 50 пайызға дейін демеуқаржылан­дыру мәселесі қарастырылған. Әзірге тың өзгерістер мен то­лықтыруларды қамтитын құжат мәжілістің қарауына жолданған.

    Себебі бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтар және ұсақ қо­жалықтар негізгі қолдаудың шара­патынан қағылады. Олар коопера­тивтерге, заңды тұлғаларға біріксе, қаржылық сауықтыру, сақтандыру несиелерін кепілдендіру тәрізді мемлекеттік «жылы алақанын» сезіне алады. Атқамінерлер ұсақ шаруалар біріксе, бәсекелестікке төтеп беру де шешімін табатынын алға тартады. Бұл ретте ақты қай­та өңдеуде кооперативтік өндірі­сті жаңазеландиялық «Франтера» және даниялық «Арла» компа­нияларының үлгісімен дамыту жоспарланған.

    Венера Мұстафина

    Статья от 10.08.2015 г.

    Также читайте:

    Консалтинг и его важность в сельском хозяйстве республики Казахстан

    Агрофирма «Родина» вводит молочно-товарную ферму на 1000 голов КРС

    Отраслевые программы – подспорье для животноводства

    Господдержка сельского хозяйства: круг сужается

     Опубликовано 08.09.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -25°
      -27°
      Вс
      -26°
      Пн
      -28°
      Вт
      -26°
      Ср
      -27°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian