•  

    Рубрика: Бизнес | Овощеводство |  Просмотры - 1 056

    Қолда барды ұқсатқан жөн

    Ертістің өндірісті өңірі тамақ өнеркәсібіне тың серпін бермек. Өткен жылы Павлодар облысында 26 қайта өңдеу ошағы өмірге жолдама алған. Қолда барды ұқсатуға бет бұрған атқамінерлер картоптың ысырап етілмеуін де мықтап қаперге алмақ.

    Өткізудің әлегі

    Жерден рыздығын табатын павлодарлық диқандар 2015 жылы көкөністің мол түсімі­не қарық болды. Оның көлемі 189,4 мың тоннаға жеткен. Ал жергілікті картоптың шығымы рекордтық көрсеткішті еңсер­ді. Күзгі жиын-терім нәтиже­сінде қамбаға түскені 400 мың тоннадан асып жығылған.Бере­келі өнімге кенелгендер төккен терлері ақталатынына дәмелен­ді. Алайда картоп өсіруді нәсі­пке айналдырған тұрғындар оны сата алмай әлектенген. Кесірінен жергілікті өнім сауда сөрелерінен гөрі қоймаларға жол тартып, сарыла «кезегін» күтуде. Сонда өзіміздікінен гөрі өзгенікіне бүйрегіміз бұрғаны ма? Әлде отандық өнімді ұқса­та алмаудың салдары ма? Қол­да барды өткізудегі кілтипан­ды өңірдің атқамінерлері тер­гіштеді.

    Картоп- Шаруалар бұған дейінгі жыл­дардағы іспетті сауда нарығын­дағы картоптың құны бір келісі үшін 70-100 теңге болатынына үміт артты. Бірақ оның тым көп өсірілуіне және бірінші кезекте ресейлік тұтынушылардың тара­пынан сұраныстың құлдилауына байланысты баға аса көтерілген жоқ. Бүгінде Павлодарда кар­топтың көтерме саудасы шама­мен келісі үшін 35-40 теңгені құрайды, – деп мәселенің мән-жайын аймақтың тізгінін ұстаған Қанат Бозымбаев жіпке тізді.

    Павлодарлықтар картопқа жарылқағаны көңілге медеу, әлбетте. Тек оның шіруіне жол бермей, өнімді өткізудің жол­дарын қарастырған ләзім. Мұны атқарушы билік қаперге алған. Сыртқа телмірмей, отандық өнімге мұқтаж өңірлермен уағ­даластыққа басымдық берілді.

    – Шаруалар өнімнің жартысын сатып үлгірді. Оның енді екін­ші бөлігін өткізеді деп сенемін. Ауыл шаруашылығы басқар­масы картопты сату бойынша көршілес облыстармен етене жұмыс стеуде. Бұл бағытта өзім арнайы Маңғыстау облысы­на барып, өңір басшысымен картопты жеткізу бойынша келісімге келдік. Бұл импорт­ты алмастыру мақсатын­да жасалып отыр. Биыл кар­топты өндіру бойынша жоспар­ларымыз бар. Сонымен қатар шаруаларға картоп өсірілетін суармалы жерлерді әр тарап­тандыруды ұсынып отырмыз. Оның арқасында орамжапырақ та, сәбіз де өсіріледі. Осылай­ша өнімді өткізуде теңгерім орнатылып, дақылдың бір түрі­не тәуелділік туындамайды», – деп атап өтті ол.

    Жаңа нарықтар бағындырылуда

    2015 жылы дағдарыстың лебін алғашқылардың бірі ретінде Павлодар облысы сезінген. Теңге мен рубльдің арасындағы айырмашылық тамақ өнеркәсібіне бет бұрған­дардың қытығына тиді. Бар гәп жергілікті сауда сөреле­рінде жаз айларында Ресейдің Омбы облысынан ет өнімдері­нің ағылуына тірелген. Кесірі­нен павлодарлық кәсіпкерлер­дің тынысы тарылып, қатаң бәсекелестікке төтеп беруге тура келген.

    – Қазіргі теңге бағамының арқасында соңғы 4 айда аху­ал түзелді. Ет және шұжық өнімдерін экспорттаушылар көрші Ресей облыстарының нарығын қайта бағындыру­да, – деп облыс әкімі сөзін сабақтады. – Олардың таң­даған стратегиясы дұрыс: дағдарыста нарықта қалып, шығынға батып, өнімді өзіндік құнынан төмен сатты. Бірақ өздерінің ойып алған орын­дарын сақтады. Бүгінде енді оны кеңейтуге кірісті. Бүгінде павлодарлық кәсіпорындар­дың жартылай дайын фабри­каттары Санкт-Петербордан Владивостокқа дейінгі сауда желілерінен табылады.

    Кәсіпкерлік аяққа нық тұрғанымен, айналымда қар­жының жоқтығы дамуға қол­байлау болып отыр. Бұл ретте павлодарлық атқарушы билік өндіріс орындарында өнім­ді өткізудің тұрақты көзде­рін қалыптастыруға басым­дық беріп отыр. «Павлодар облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің тынысы палатадағы орташа темпера­тура секілді орташа болып отыр. Өткізу нарығы табылса, кіріс, жұмыс орындары пай­да болады, салық жиналады. Сондықтан біз өткен жылы және биыл да белсенді түр­де жұмыс істеудеміз. Шағын және орта кәсіпкерлік байқа­улар мен тендерларды жеңіп алып жатқаны мәлім. Десек те оларға айналымға қаржы қажет», – дейді Қанат Бозым­баев.

    Баға бақылауда

    Өнеркәсіптік аймақта ІЖӨ 4,7% ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Атқаміне­рлер өнім өндірудің кеңінен құлаш жайғанын алға тартады. Көрсеткіш 13 пайызға еселен­ген. Саладағы ілгерілеу бойын­ша Павлодар облысы өңірлер арасында көш бастады.Жергі­лікті өнім ішкі нарықпен қатар сыртқа да жол тартқан. 2015 жылы оның 121,5 мың тонна­сы шекара асқан. Ресми дерек­терді тергіштесек, экспорт негі­зінен дәнді дақылдың, ұнның, күнбағыс дәнінің, картоптың, сәбіздің, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттардың еншісінде. Тамақ өнеркәсібін дамытуға басымдық берілген. Оның бір айғағы өткен жылы өңірде 20-дан астам қай­та өңдеу нысаны іске қосыл­ды. Өткен жылы қолданысқа тапсыру межеленген «Агрохи­минвест» инвестициялық кәсі­порны биыл қағаз жүзінде емес, іс жүзінде өмірге жолда­ма алмақ.

    Павлодарлық тауар өнді­рушілер негізгі өнімдер­дің 80 пайызын шығарады. Облыс ет және сүт өнімде­рімен, жұмыртқамен, көкөніс­пен толық қамтамасыз етілген. Аймақ жетекшісінің дәйегін­ше, олардың құны республика бойынша ең төмен саналады. Азық-түлік бағасының негізсіз шарықтауына жол бермеудің амалдары қолға алынған. Апта сайын арнайы жұмыс топтары 250-ден астам сауда орын­дарына сараптама жүргізеді.

    «Бүгінде облыста көтер­ме сатып алушылар алатын еттің бағасы едәуір төмен, 800 теңгеден арзан. Базарларда ірі қара мал етін 1000 теңге­ге және одан жоғары бағаға алуға болады. Жылқы етіне тоқталсақ, оның құны біршама қымбатырақ. Баға 1500 теңге­ге дейін жетеді. Бірақ Павло­дар облысындағы еттің бағасы Астанаға қарағанда қымбат болуы әсте мүмкін емес. Себе­бі біздің шаруа қожалық елор­дадағы коммуналдық база­рдан оларға орын алуға жәр­демдесуді өтінген болатын. Біз Жақсыбеков (Астана әкі­мі) мырзамен келісіп, қазіргі таңда 5 шаруа қожалығы бас қаланың коммуналдық база­рында ет саудалауда» – деп мәселенің бүге-шігесін өңір жетекшісі жайып салды.

    Венера Мұстафина

    Ссылки по теме:

    Ориентир на экспорт взяли рыбоперерабатывающие предприятия Приаралья

    Тәтті түбірдің болашағы бұлыңғыр

    В ЮКО налаживается переработка выращенного хлопка

     

     Опубликовано 22.07.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      -14°
      -9°
      Вс
      -16°
      Пн
      -11°
      Вт
      -5°
      Ср
      -8°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39