•  

    Рубрика: Животноводство | Свободная тема |  Просмотры - 3 780

    Құс өсірушілер жаңа жылға үміттеніп отыр

    Өткен жыл отандық тауар өндірушілердің қытығына тиіп, бәсекеге қабілеттілігін сынға салды. Ресейлік ақшаның құнсыздануынан бірі кірісінен қағылса, бірі өнімдерін өт­кізе алмай әбігерленді. Оның лебі қазақстандық құс өсірушілерді де шарпығаны мәшһүр. Демпингтің кесірінен сырттан ағылған өнімдердің бағы жанды. Ал отандық өнімдерге сұраныс құлдилап, олар сауда сөрелерінен гөрі қоймаларға жол тартқан-ды. Ұлттық тең­генің еркін айналымға жіберілуі ахуалды оңалтқан көрінеді.

    Терең өңдеуге бетбұрыс қажет

    7079797666Жер-жаһанды шарпыған дағ­дарыс табыстан тарықтырып, кәсіпті шатқаяқтады. Бәсе­келестіктің қатал талаптары­на шыдап беру ұсақ тау­ар өндірушілер үшін оңайға соқпаған көрінеді. Өткен жылы жұмыртқа өндірісіне ден қойған қос шағын фабрика тұралады. Оның бірі теріскейде, екінші­сі Шығыс Қазақстан облысын­да орналасқан. Десек те рес­ми мәліметтерді тергіштесек, өндірістің еселенгені байқа­лады. Өткен жылы жұмыртқа өндірісі 4,7 млрд данаға жет­кен. Оның 3,6 млрд құс шару­ашылықтарының, ал қалғаны жеке сектордың еншісінде. Нәтижесінде 1990 жылдағы көрсеткіш бағындырылды.Бүгін­де еліміз отандық жұмыртқа­мен 100 пайыз қамтылған. 2014 жылы жан басына шаққан­да 228,7 жұмыртқа өндірілген. Өнімнің бұл түрі бойынша орта­ша тұтыну көлемі 217 дананы құрайды. Дүниежүзілік денса­улық сақтау ұйымы жылына 243 жұмыртқаның қолданылуын құптайды.

    Құс етінің импорты, мың тонна

    2012 жыл – 192297,6

    2013 жыл – 169861

    2014 жыл – 159477,3

    Өткен жыл кәсіпкерлердің бірі үшін мүмкіндіктер көзі­не айналған сыңайлы. Рудный қаласындағы «Жас қанат-2006» ЖШС өндірістің тынысын кеңейтуге бел буған. Оның ірге­сі 2006 жылы қаланған. Баста­пқыда құстың саны 82 мыңға жетсе, енді 1,5 млн дейін көбей­ту діттелген. Оның арқасында жұмыртқа өндірісінің қауқарын арттыру межеленген.

    Бүгінгі күні жұмыртқа өндірісі көлемін арттыруға бағытталған құс фабрикасын жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Заманауи жоғары технологиялық құралжа ­бдықтарды енгізу жұмыртқа жинау және сұрыптау уақытын 3 есе қысқартуға, жылына 250 млн. данаға жеткізуге, бұл рет­те еңбек өнімділігін 3 есе арт­тыруға мүмкіндік береді. Біз өз өнімдерімізді Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіп, 15 пайыз өнімімізді Ресей Феде­рациясына экспортқа шыға­рамыз. Ал ендігі уақытта жүр­гізілген жаңғыртудың арқасын­да біз бұл көрсеткішті еселеу­ді жоспарлап отырмыз, – дейді серіктестіктің тізгінін ұстаған Қайрат Маишев.

    Жұмыртқа өндірісінің асығы алшысынан түскенімен, оны терең өңдеу жағы кемшіл. Енші­мізде шикізат бар. Тек қажет­ті құрал-жабдықтардың бағасы күйіп тұр. Бұл технологияны жаппай ендіруге қолбайлау болып отыр.

    * Қазақстанда жұмыртқа өндірісінің қорлары жеткілікті. Тек жұмыртқаны қайта өңдеу бағыты қапы қалуда. Оны дамытқан абзал. Терең өңдеу­дің артықшылықтары бір төбе. Аталмыш технологияны бес саусақтай меңгерсек, жұмыртқа бағасының маусымдық құбылуы сезілмейді. Есесіне өндірістің тиімділігі арта түседі. Бірақ әзір­ге тұтыну нарығының дамыма­уы, құрылғылар құнының қым­бат болуы оған кедергі келтіру­де. Ал бұл технологияны кәдеге жаратқан отандық құс өсіру­шілер артылған жұмыртқадан ұнтақ, меланж шығарады. Олар жаңа нарықтарды бағындырып, кріске кенелуде, – деп мәсе­ленің байыбын «Қазақстан­ның құс өсірушілер одағы» ЗТБ баспасөз хатшысы Милана Джафарова жіпке тізді.

    Импорт басым

    Ал құс еті бойынша ахуал кереғар. Сырттан дорбаланатын өнімге тәуелділік басым. Тұты­ну теңгерімі – сөзіміздің бір айғағы. Оған сәйкес отандық етті құс фабрикалары ішкі нарықтың қажеттілігін бар-жоғы 44 пайызға өтейді. Дастарханымыздағы құс етінің 56 пайызы өзге елдер­ге тиесілі. Сыртқа алақан жай­маудың амалдары пысықталған. Оның бір парасы сырттан тасы­малданатын өнімнің көлемін құл­дилатуға тіреледі. Құс етіне үле­стірілетін импорттық квотаның көлемі 110 мың тоннаны құрайды. Ресми мәліметтерді бағамдасақ, экспорттау деңгейі төмендегені байқалады. 2012 жылы құс етінің импорты 192 мың тоннаға жетсе, өткен жылы көрсеткіш 20 мың тоннаға азайған.

    Құс етінің экспорты, мың тонна

    2012 жылы – 1429,4

    2013 жылы – 1213,9

    2014 жылы – 5426,4

    2015 жылдың 9 айында – 5603,1

     Өткен жылы еліміздегі құстың саны 38 млн асып жығылған. 2014 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 млн артқаны байқа­лады. Құс етінің өндірісінде де ілгерілеу бар. 180 мың тонна құс еті шығарылса, оның дені өнеркәсіптік құс фабрикалары­на тиесілі. Десек те өнімнің бұл түрі бойынша тұтыну қауіпсіз­дігінің деңгейі әлі де еңсеріл­меген. Оған қарамастан, қаза­қстандық құс етінің дәмін өзге мемлекеттер де татуда.

    2012 жылы елімізде өндірілген 303,3 мың жұмыртқа шекара асқан.

    2013 жылы көрсеткіш нөл­ге теңелген. 2014 жылы 50 млн астам жұмыртқа өзге мемлекеттерге экспорт­талған.

    Отандық құс етінің өзіндік құны шамамен бір келісі үшін 385 теңгені құрайды. Оның өткізу бағасына асыл тұқым­ды қордың жоқтығы, қоспа­лар мен ветеринарлық дәрмек­тердің сырттан тасымалда­нуы әсер етеді. Сәйкесінше импортталған өнімге қараған­да өзіміздікі қымбат болып шығады. Бұл ретте елімізде­гі жүгері, соя мен күнбағыс сорты күнжараның өндірісін көбейту қажет, – дейді құс өсі­рушілер. Сонымен қатар өнім­нің бағасын негізсіз шарықта­татын делдалдардың қитұрқы әрекетіне тосқауыл қойған жөн.

    Қазақстанның құс өсіру­шілер одағының дәйектері­не сүйенсек, құс өсірушілер­дің шығындарын демеуқар­жыландырудың шарапаты елеулі. Оның арқасында өнді­рістегі тиімділік 19 пайызды құрайды.

    * Бүгінде құс өсіруші­лер мемлекеттік демеудің арқасында кәсіптің тасын өрге домалатқандарын алға тартады. Қолдау болмаса, құс фабрикалары тығырыққа тіреледі. Өндірісті жаңғырту, технологиялық тұрғыдан қай­та жандандыру жұмыстарын жүргізу де оңайға соқпайтыны белгілі, – дейді «Қазақстан­ның құс өсірушілер одағы» ЗТБ өкілдері.

    Венера Мұстафина

    Ссылки по теме:

    Құс өсірушілер «Буш сирақтарына» тәуелділікті азайтпақ

    Құсқа арналған азықпен қамдандық па?

    Новая птицеферма в Кызылорде предоставит жителям города деликатесную продукцию

    Аркалыкская птицефабрика намерена производить яичный порошок

    Перепелиная ферма: выгодный бизнес с минимальными затратами

     Опубликовано 15.07.2016

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -6°
      2°
      Вт
      4°
      Ср
      6°
      Чт
      5°
      Пт
      8°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39