Құс өсірушілер «Буш сирақтарына» тәуелділікті азайтпақ

08FAB58F92D847D686DD0CA20C59893DЖұмыртқа өндіру бойынша өзімізді 100 пайыз қамтып отырмыз. Ал құс еті өндірісінде әлі де сыртқа тәуелділік бар. Алдағы 2-3 жылда оның деңгейі 10-12 пайызға құлдилайды деп күтілуде. Қолданысқа тапсырылатын тың өндірістерге үміт көп. Әзірге «Қазақстанда шығарылған» құс еті ішкі нарықтың қажеттілігін 60% өтеп отыр.

Бәсекелестік жанданды

2014 жылғы деректерді тергіште­сек, жер-жаһандағы ет өндірісінің 35 пайызы құс шаруашылығына тиесілі. Оның дені АҚШ-тың енші­сінде. Көрсеткіш 27% тең. Екінші орын қытайлықтарға бұйырған. Аспан асты елінде әлемдегі құс етінің 24 пайызын өндіреді. Ірі өн­дірушілердің үштігін Еуропалық одақ 17% түйіндейді. Егер 2010 жылы дүние жүзінде 99 млн. тонна құс еті нарықта саудаланса, биыл оның деңгейі 11 млн.тоннаға есе­ленген. Еліміздің үлесіндегі көр­сеткіш 134 мың тоннаны құрайды. Биылғы жоспар іс жүзінде орын­далса, нарыққа 190 мың тонна құс еті және 4,6 млрд. жұмыртқа жол тартады. Оған өзімізбен қа­тар өзгелерді де қарық етуге қа­уқар бар.

Бірақ отандық өндірушілер өткен жылдың соңынан бері артылғанды шекара асыруда тығырыққа тірелген-ді. Көрші мемлекеттегі ақша бағамының құлдырауынан құс өсірушілердің дегбірі қашқан. Елімізде сырттан ағылған арзан өнім билік құрып, қазақстандық тауар қоймада шаң басқан. «Шаңырақ» басқарушы компанияларының бас директоры Максим Божко саланың тынысы тарылғанын мойындайды. Оның сөзіне сүйенсек, қоймаларда 10 млн астам жұмыртқа, 1 мың тоннаға жуық құс еті сақталған. Тек теңге еркін айналымға жі­берілген соң, ахуал оңға басты. Демпингтен гөрі таза бәсекеле­стіктің асығы алшысынан түсті.

– Бүгінде біздің қоймаларымыз бос тұр. Өнімнің құнын өзгерт­кен жоқпыз. Барлық тауарлар 2-3 аптаның ішінде сатылды. Өніміміздің бәсекеге қабілеттілігі артты. Құс еті бойынша да ахуал дәл осы іспетті. Бұған дейін ре­сейлік арзан өнімді тұтынған са­тып алушылар бізге оралуда,-деп компания басшысы ағынан жарылды.

Өткен жылы етті бағыттағы жаңа 3 құс фабрикасы қолданысқа тапсырылды. Жұмыртқа өндіретін кәсіпорындардың қатары 5-ке қалың­дады. Олардың бірі таяуда Жамбыл облысында ашылады деп күтілуде.

Ішкі сұранысты қамтуға ден қойылмақ

Енді өндірісті қамшылан­дырып, сыртқа нарықты бағын­дыруға жол ашық. Құс өсіруші­лер Ресеймен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан іспетті оңтүстіктегі мемлекеттерге ден қоймақ.

– Біз теңгенің еркін айналымға жіберілуін тағатсыздана күттік. Себебі көрші мемлекеттегі ва­лютаның құнсыздануынан, бәсе­келестікке төтеп бере алмадық. Кесірінен құны арзан ресейлік өнім елімізге ағылды. Меніңше, енді басымдық ретінде өнімді сыртқа тасымалдауға мықтап кі­рісеміз. Бұған дейін қазақстан­дық күркетауық етінің 40 пайызын Ресейдің Мәскеу, Омбы, Томск қалалары тұтынатынды. Ал ру­бльдің бағамы өзгерген соң, олардың арзан бағалары біздің өнімдерді ығыстырды,-деп мәсе­ленің жай-жапсарын Руслан Шәріпов жіпке тізді.

Енді «Шаңырақ» холдингісі өзіне қарасты «CapitalProjectLTD» кәсіпорнының жылдық қуат-тылығын екі есе ұлғайтуды ме­желеген. 2019 жылға қарай салқындатылған әрі мұздатылған құс етінің көлемі 40 мың тоннаға дейін жетуі тиіс. Сан емес, сапа нысанаға алынады. Оның арқасында құс өсірушілер мұздатылған «Буш сирақтарын» нарықтан ығыстырмақ. «Біз үшін АҚШ-тан жеткізілетін құс еті нарықтағы негізгі бәсекелес. Бірақ олардың еті шалғайдан мұздатқ ыш контейнерлер ­де жеткізілгеніне назар ауда­ру қажет. Бұл ретте тасымаладу кезінде оның сапасын бақылау мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар салмағын 30-50 пайызға арттыру үшін етке су қосылады», – деп өзінің дәйегін Максим Божко алға тартты.

«Буш сирақтарына» амери­калық тұтынушылар арасын­да сұраныс кемші. Тығырықтан шығар жол ретінде өндірушілер құс етін өзге мемлекеттерге өткі­зуге мәжбүр. Бұл ретте тауар өн­дірушілер Үкіметтен құс етінің им­портына қарастырылған квотаны азайтуды сұрамақ. Себебі биыл еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосылған соң, оның көлемі артты. Жылдық квотаның көлемі 20 мың тоннаға көбейіп, 140 мың тоннаға жеткен.

Демеудің шарапаты тиеді

Әлем назары ауған азық-түлік қауіпсіздігінде өнеркәсіптік құс шаруашылығының салмағы еле­улі. Саланы қамшыландыру жо­лындағы қам-қарекеттер елімізде де қолға алынған. Оның бір па­расы мемлекеттік демеуге тіре­леді. Соңғы 5 жылда демеуқар­жыландырудың көлемі 6,8 мил­лиардттан 20 миллиард теңгеге жеткен. Биыл құс етіне қазына­дан 8,2 млрд. теңге үлестірілген. Жұмыртқа өндірісін демеуге 9,2 млрд. теңге жұмсалды. Құс өсі­рушілер азықпен қамдануда дамемлекеттің шарапатын сезіне­ді. Ұлттық қордан бөлінген қа­ражат 1 млрд. теңгеден асып жығылады.

Құс өсірушілер ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуіне бай­ланысты өнімнің өзіндік құны жыл соңына дейін 10-20 пайызға өсуі мүмкін екенін алға тартады. Оған сырттан тасымалданатын қоспалар мен ветеринарлық препараттардың қымбаттауы әсерін тигізеді.

– Бройлерлік құс фабрика­ларының желісін құру бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама түзілді. Оған сәйкес «Қазагро», «Бәйтерек» ұлттық холдингте­рі арқылы кәсіпкерлік жобалар­ды жеңілдетілген түрде несиелеу қарастырылған. Сонымен қа­тар Үкімет тарапынан құс өнім­дерін, сүтті өндірумен айналы­сатын агроөнеркәсіптік нысан­дарды демеуқаржыландырудың көлемін 50 пайызға арттыру ше­шімі қабылданды. Бұл технологи­ялық желілерді жаңғыртуға бел буған кәсіпорындар үшін елеулі көмек екені даусыз, – деп түйді ҚР Ауыл шаруашылығы ви­це-министрі Гүлмира Исаева.

«Судың да сұрауы бар» демек­ші, құйылған қаржының ел үшін игілігі сезілуі тиіс. Бірақ өндір­істің тынысы кеңейгенімен, әлі де ұтылатын тұстар шаш етектен. Сауда сөрелеріндегі шетелдік құс пен оның өнімдері әлі де самсап тұр. 2007 жылы дастарханымыз­дағы құс етінің 70 пайызы сырт­тан дорбаланса, бүгінде 55% құл­дилаған. Шенеуніктер бір орында тапжылмай, алдағы 7 жылда құс еті өндірісінің бір жылдағы көле­мін 230-240 мың тоннаға жеткізу­ге бел буған.

Өндіріс ғылыми жетістік­терге негізделуі тиіс

Оңтүстік өңірдегі «Ордабасы құс» ЖШС қанатын кеңге жайған. Серіктестік шикізатты ұқсатудың сырын жетік меңгеріп алды. Нарыққа дайын өнімнің 70 түрі жол тартады. Ордабасылық күркетауықтың дәмі шетелдіктұтынушылар үшін де таңсық емес. Шығарылған 8 мың тоннаға жуық өнімнің 35% ЕАЭО мем­лекеттерінің сауда сөрелеріне жайғастырылады. Жаңа жылға артылған межеге сәйкес тауар­дың тең жартысы шекара асуы тиіс. Ол үшін құс фабрикасы әуе­лі толық қуаттылықты еңсермек. Екіншіден, дайын өнімнің қатары 100-ге дейін ұлғайтылады.

Күркетауықтың етін өндіру­ге көрші мемлекет те басым­дық бермек. Ресей құс шару­ашылығы одағының президенті Владимир Фисининнің айтуынша, биыл оның көлемі 204 мың тон­наны құраса, қағаздағы жоспар бойынша 2020 жылға қарай 3 есе артады.

– 2014 жылдағы құс етінен әзі­рленген өнімдер түрлеріне тоқтал­сақ, 40 пайызын салқындатылған және мұздатылған құс еті құрайды. Жартылай дайын өнімдердің ен­шісінде де 40%. Шұжық, консер­вілер, паштеттер тәрізді тұтынуға дайын өнімдер 20 пайызға жетті. Ал қалған бөлігі тұшпара, котлет, манты секілді кесілген жартылай дайын өнімдерге тиесілі. Құс ша­руашылығын дамытуда тиімділік және биоқауіпсіздік басты түсінік­терге айналған. Сондықтан бүгін­де ветеринарлық ғылым саласын­дағы инновацияларға артылатын жүк жауапты, – дейді ресейлік одақтың өкілі.

Ресейде 16 жыл ішінде құс еті­нің өндірісі 6,6 есе көбейіп, 2014 жылы 4165 тоннаны құрады. Жан басына шаққанда 28 келіден ке­леді. Көрші мемлекет саланы өр­кендетуде нанотехнологияларға иек артуға дәмелі.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы